Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Зидан оралғалы "Реал" жеңуді ұмытып қалды

Мадридтік клуб 21 ғасырдағы ең нашар көрсеткішке түсті.

Зидан оралғалы "Реал" жеңуді ұмытып қалды
© Reuters
Мадридтік "Реал" Испания чемпионатының 37-ші турында "Реал Сосьедадтан" ұтылып қалды.

Сан-Себастьянда өткен кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды, есеп 3:1. Мадридтен келген қонақтар есепті бірінші болып ашты: Браим Диас алтыншы минутта. Ал осыдан кейін тек алаң иелері гол салды, Микель Мерино (26-шы минут), Хосеба Сальдуа (57) және Андер Барренечеа (67).

"Реал" 39-шы минуттан азшылықта ойнағанын атап өту керек. Хесус Вальехо қолмен ойнағаны үшін алаңнан қуылды.

Осылайша, мадридтіктер 68 ұпаймен Испания чемпионатында екінші болу мүмкіндігінен айырылды. "Барселона" (86) мерзімінен бұрын чемпион атанды, одан кейінгі орында "Атлетико" (75).

Мұндай жағдай "Реалмен" 45 жылда алғаш болып тұр. 1972/73 және 1973/74 маусымдарында "Реал" төртінші және сегізінші ғана болған.

Мадридтік клуб премьераның биылғы маусымында 11 рет ұтылып, 21 ғасырдағы ең нашар көрсеткішке түсті. Сондай-ақ, 1998/99 маусымынан бері "Реал" барлық матчтерде алғаш 17 рет ұтылды.

"Реал Сосьедадтан" ұтылып, "Реал" Зинедин Зидан бапкерлігімен жеңіссіз матчтер тізбегін беске дейін жеткізді. Зиданның жаттықтыруымен команда осы маусымда жалпы он матч өткізді. Өз алаңындағы бес ойнда клуб жеңіске жетті. Ал қонақта үш рет ұтылып, екі рет тең ойнады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости