Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

ПСЖ шабуылшысы қақпа алдында "ғасыр жаңылысуын" көрсетіп, мазаққа қалды

Париждіктер ұтылып қала жаздады.

ПСЖ шабуылшысы қақпа алдында "ғасыр жаңылысуын" көрсетіп, мазаққа қалды
© REUTERS/Benoit Tessier
"Пари Сен-Жермен" клубының 30 жастағы камерундық футболшысы Эрик Чупо-Мотинг Франция чемпионатының 31-турында "Страсбургпен" өткен кездесуде өрескел қателік жасады, - деп хабарлайды "Бомбардир".

Кездесу жексенбіде Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды. Камерундық 13-минутта гол соқты. Ал 28-минутта форвардтың дубль жасауға айқын мүмкіндігі болған. Жартылай қорғаушы Кристофер Нкунку допты қақпашының үстінен асырып тепкен, осы кезде Чупо-Мотинг қақпаның дәл алдында тұрып допты бағыттаудың орнына бағанаға тепкен. Салдарынан доп қарсылас команда ойыншыларының иелігіне түсті.

BT Sport комментаторлары мұндайды бірінші рет көргенін айтып, ғасырдың ең өрескел қателігі деп атады.

Матч аяқталған соң ойыншы өз қатесін түсіндірді.

"Мен бастапқыда Нкунку маған пас береді деп ойладым, қорғаушы допқа таласатындай көрінді, сосын мен офсайдқа қалып қойдым ба деген ой келді... Өкінемін. Титулды иелену үшін енді келесі кездесуде барымызды саламыз", - деп келтіреді футболшының сөзін Euro-Football.




Желі қолданушылары бұл оқиғаны әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр:

"Ішкіш Шупо-Мотингтің ең мықты сәті".

"Қалай жасады екен?"

"Шупо-Мотингтің орындауындағы жыл ойыны".

"Не істеп кетті?"





Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости