Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Шымкенттік команда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Барселонаны" жеңді. Барлық голдарының видеосы

1/16 финалдың ойыны Шымкентте өтті.

Шымкенттік команда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде "Барселонаны" жеңді. Барлық голдарының видеосы
© kff.kz
2
Кеше, 12 қыркүйекте шымкенттік "БИІК-Қазығұрт" әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/16 финалында "Барселонаны" ұтты. Кездесу Шымкентте өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.

Бірінші таймның қосымша уақытында "Барселона" капитаны Алексия Путельяс өз қақпасына гол салды. 49-шы минутта угандалық Фазила Иквапут, ал 60-шы минутта Гүлнар Габелия испаниялықтар қақпасына үшінші гол салды салды. Алайда қонақтар барын салып, 66-шы минутта Тони Дагган допты шымкенттік команданың қақпасына дәл бағыттады. 

Еске салайық, қарымта кездесу 26 қыркүйекте Испанияда өтеді. Бұл қарсыластықтың жеңімпазы жартылай финалға жолдама алады. 

Айта кетейік, 2015/16 маусымында "БИІК-Қазығұрт" Чемпиондар лигасының 1/16 финалында "Барселонамен" ойын өткізген. Ол кезде Шымкенттегі ойын есеп 1:1 болды, алайда, қыздарымыз қарымта матчте 1:4 есебімен ойсырай ұтылған еді. 

"БИІК-Қазығұрт" соңғы екі маусымда Чемпиондар лигасының 1/8 финалына дейін жетті, ал бұл қазақстандық клубтардың турнирдегі ең үздік көрсеткіші. 2017 жылы шымкенттік команда қазіргі чемпион "Лионға" есе жіберген (0:9, 0:7), франциялық команда атағын келесі маусымда да қорғап қалды. Ал 2016 жылы қыздарымыз финалға жеткен ПСЖ командасынан ұтылып қалған (1:4, 0:3) еді. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости