Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Роналду Мессимен бақталастық жайында пікірін айтты

Португалиялықтың "Реалдан" кетуі Мессимен байланыстырылған.

Роналду Мессимен бақталастық жайында пікірін айтты
© Eurosport
Туриндік "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналду каталониялық "Барселонаның" ойыншысы Лионель Мессимен бақталастық туралы пікір білдірді. 

"Менде футболшылармен бақталастық жоқ, болған да емес. Мұндайым жоқ. "Ювентус" барлық матчты ұтуға тырысады. Лионель Мессиге қарсы ойнау тамаша болатын. Барлығыңызға бұл ұнайтын, қызықты еді. Бірақ бұл бақталастық болды деп есептемеймін", - деп келтіреді португалиялықтың сөзін O Jogo.

Мұның алдында англиялық "Манчестер Юнайтедтің" футболшысы Райан Гиггз португалиялықтың "Реалдан" кетуі Мессиге байланысты деп пайымдаған еді. Оның сөзінше, португалиялықты Мессиден артық болу ойы жеп жүр.  

Месси мен Роналду - "Алтын допты" бес рет иеленген, бұл футбол тарихында болмаған жағдай. 2008 жылдан бері әлемнің ең үздік футболшысына берілетін сыйды екеуі ғана кезекпен алып келеді.  

33 жастағы португалиялық "Ювентуспен" төрт жылға келісімшарт жасасты. Роналдудың трансфері үшін 100 миллион еуро берілді және мұның алдындағы командаларға 12 миллион төленеді. Ал Роналду жылына 30 миллион еуро алатын болады. Журналистердің есебі бойынша, шабуылшы секундына бр еуро табыс табады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости