Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Қиын жағдайға тап болдық". Бас директор "Астана Арена" стадионын жөндеу туралы

Ол "Астана" клубының уақытша қайда ойнайтынын айтты.

"Қиын жағдайға тап болдық". Бас директор "Астана Арена" стадионын жөндеу туралы
Сурет "Астана" клубының сайтынан алынды
"Астана" футбол клубының қазіргі уақыттағы ең басты қиындықтарының бірі, «Астана Арена» стадионындағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы. Осы жағдай туралы "Астана" бас директоры Михаил Гурман клубтың баспасөз қызметіне арнайы сұхбат берді

- Өкінішке қарай, біз "Астана Арена" стадионына қатысты қиын жағдайға тап болдық. Бізге жөндеу жұмыстары мамыр айында аяқталады деп уәде берген. Алайда, короновирустың жылдам таралуына, шекаралардың жабылуына және жөндеу жұмыстарының уақытша тоқтатылуына байланысты бұл мерзім біршама уақытқа шегерілді. Дегенмен, жағдай жақын уақытта өзгеріп, өз үйімізге айналған "Аренамызға" қайта оралатын кезді асыға күтудеміз.

- Стадионның пайдалануға берілетін қандай да бір мерзімі аталды ма?

- Жақында ғана, "Астана Аренаға" қала әкімінің орынбасары бастаған комиссия мүшелері арнайы келген еді. Сол кезде жұмыстың аяқталатын мерзімі ретінде 15 шілде күні айтылған. Өкінішке қарай, біз бұл үдеріске әсер ете алмаймыз, өйткені "Арена" жеке меншік иелері мен әкімдіктің балансында тұр. Біз тек стадионның негізгі жалға алушылары болып табыламыз.

- Көптеген шетелдік БАҚ өкілдері "Астана Аренаның" осыған дейінгі алаң сапасының өте төмен жағдайда болуы, елорда командасына үйдегі кездесулерде басымдық берді деп жиі жазған болатын...

- Мен бұл пікірмен келіспеймін. Негізінен, олай айтқандардың көбісі "Астана Аренадан" ұпайсыз қайтқан ұжымдар. Мысалға, өткен жылы Еуропа Лигасы аясында «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойнаған кездесуде олар стадионға және алаң сапасына жақсы баға берді. Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстан құрамасымен ойнаған Ресей құрамасы да стадионға наразылық білдірмеді. Мен үшін есте қалған сәт, мен ол кезде "Астанада" қызмет атқармасам да, команданың Чемпиондар Лигасындағы ойындарын бақыладым. Сол кезде "Атлетико Мадрид" бас бапкерінің айтқан сөзі қатты ұнаған еді: кәсіби футболшы өз деңгейін қажет болса асфальтқа шығып та дәлелдеуі керек деген болатын. Мен оның айтқанын сөзбе сөз жеткізе алмаған болуым мүмкін, алайда мағынасы өте дұрыс.

- "Астана" өз алаңында көп ұтыла бермейді. Тіпті, еуропалық ойындарда. Мұның құпиясы неде?

- Менің ойымша, бұл жерде екі жетістік бар - туған қаласы мен үй стадионы жағдайында жоғары деңгейдегі футбол көрсете алатын ойыншылардың деңгейі және еурокубоктер кезінде тамаша атмосфера жасай білетін жанкүйерлердің қолдауы.

- Жанкүйерлер туралы айтып қалдыңыз. "Астана" орын алған пандемияға байлынысты, алдағы еуромаусымда аталмыш қаруынан айырылып қалуы мүмкін. Бұл клуб үшін қаншалықты қиын жағдай болмақ?

- Әрине, егер команда қолдаусыз қалатындай жағдай болса, өте өкінішті. Алайда, қазір барлығымыз үшін адамдардың денсаулығы бірінші орында. Біз жанкүйерлерімізді қатты сағындық. Дегенмен, ерте ме, кеш пе жағдай қалыпқа түсіп, жанкүйерлер стадиондарға қайта оралады деп үміттенемін.

- Енді соңғы сұрақ. Егер Қазақстан чемпионаты шілде айында қайта жалғасын табатын болса, ол уақытқа дейін "Астана Арена" дайын болмаса, "Астана" өзінің үйдегі кездесулерін қайда өткізеді?

- Біз бірнеше нұсқаны қарастырып жатырмыз, бұл жақын маңдағы Көкшетау және бізге жақсы таныс «Жас Қыран» стадионы. Бірақ, басым нұсқа - Талғардағы құрама командалардың базасы. Біріншіден, онда өте жақсы сападағы табиғи алаң бар, бұл командаға өздері ойнай алатын футболды көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, базаның орналасуы команданың сыртқы әлеммен байланысын азайтады. Қазіргі індеттің таралу жылдамдығын ескеретін болсақ, ол ең маңызды факторлардың бірі. Алайда, соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Алдағы күндері біз нақты жариялаймыз деп ойлаймын. Қазір ең бастысы чемпионатты жалғастыру, елімізге футбол шілде айында қайта оралады деп үміттенемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости