Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан футбол федерациясы спорттық іс-шараларды тоқтатты

Ойындарға БАҚ өкілдері де қатыспайды.

Қазақстан футбол федерациясы спорттық іс-шараларды тоқтатты
Сурет: Xage.ru
Қазақстан футбол федерациясы COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты футбол, футзал, әйелдер футболы, балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық футбол, ардагерлер арасында жарыстарды, сонымен қатар, білім беру семинарлары мен әртүрлі форумдарды өткізуді тоқтату жөнінде шешім қабылдағанын хабарлайды.

Премьер-лига командалары арасындағы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты мен ҚР Кубогының ойындары күнтізбеге сәйкес өтеді. Алайда жанкүйерлер үшін стадиондардың есігі жабық болады.

OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты мен ҚР Кубогының ойындарына жарысқа қатысушылармен қатар ресми тұлғалар мен стадион қызметкерлері ғана қатысады. Ойындарға БАҚ өкілдері де қатыспайды. Тек көрсетілім жұмыстарымен айналысатын арнайы топ жұмыс істейді.  

Профилактикалық шараны тоқтату жөнінде қосымша хабарланады. 

Айта кетейік, футболдан премьер-лиганың екінші туры осы демалыс күндері өтеді. Сенбі күні "Жетісу" - "Тобыл", "Ертіс" - "Қызыл-Жар СК" командалары ойнаса, жексенбіде "Каспий" - "Астана", "Шахтер" - "Қайрат", "Тараз" - "Ордабасы", "Оқжетпес" - "Қайсар" командалары кездеседі.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости