Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Бүгін, 13 ақпанда алматылық "Қайрат" Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиыны аясында мәскеулік "Динамоға" қарсы жолдастық кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Белекте өтетін матчтің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 20:00. Ойынды "Қайрат" клубының ресми YouTube арнасынан тамашалуға болады.
Айта кетейік, "Қайрат" өткен маусымда ҚПЛ-дің күміс жүлдегері болды, ал "Динамо" қысқы үзіліске РПЛ-дегі 16 команда арасында сегізінші болып шықты.
Еске салайық, алматылық клуб үшінші оқу-жаттығу жиыны аясында мәскеулік "Динамодан" басқа украиналық "Днепр-1" (15 ақпан), санкт-петербургтік "Зенит" (17 ақпан) және қазандық "Рубин" (19 ақпан) командаларымен ойнайды.
Жарнама