Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Португалия құрамасы өз алаңында Литва командасын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
B тобындағы кездесу Фару қаласында өтіп, 6:0 есебімен аяқталды. Португалия құрамасы сапында "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду хет-трик жасады. Жартылай қорғаушылар Пицци мен Бернарду Силва, сондай-ақ, форвард Гонсало Пасьенса бір голдан салды.
Осылайша, команда Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігін сақтап келеді. 17 қарашада өтетін турдағы соңғы іріктеуде португалиялықтар Люксембургпен ойнайды.
Еске салайық, Қазақстанның футбол құрамасы 16 қарашада Сан-Марино, ал 19 қарашада Шотландияға қарыс матч өткізеді. Екі ойын да қарсылас алаңында.
Жарнама