Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Денис Теннің өлімі: Үшінші күдікті қамауға алынды

19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын.

Денис Тенді өлтірді деген үшінші күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов брифинг барысында айтты. Оның айтуынша, ұсталған ер адам қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыпталып жатыр.

"Дәлел жеткілікті, оның заңдылығын прокурор тексеріп жатыр. Сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деді Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

Мұның алдында Денис Теннің өлімі бойынша істе екі күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын. Оның бірі - Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылғы  Құдайбергенов Арман Бурибаевич, екіншісі - Жамбыл облысының тумасы, 1994 жылғы Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости
22 маусым 2019
12:11
9 қараша 2018
17:46