Спорт | Қызықтылар | Vesti.kz |
Жарнама
"Аталанта" командасының жартылай қорғаушысы Маттео Пессина "Интердің" ойыншысы Стефано Сенсидің орнына Италия құрамасына шақырту алды.
Негізі әу баста Сенси Италия құрамасына шақырту алған еді. Бірақ ұлттық құрама сапындағы жаттығулардың бірінде жарақат алып қалыпты. Енді оның орнына Еуро-2020 турнирінде Маттео Пессина ойнайды.
Еске салайық, турнир 11 маусым мен 11 шілде аралығында Петербург, Лондон, Мюнхен, Баку, Рим, Бухарест, Копенгаген, Амстердам, Глазго, Будапешт және Севилья қалаларында өтеді.
Ал Италия құрамасы А тобында Уэльс, Түркия және Швейцария құрамаларына қарсы кездесу өткізеді.
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама