Футболдан Финляндия құрамасының қорғаушысы Йере Уронен Евро-2020 турнирі барысында Кристиан Эриксенмен болған жағдай туралы ойымен бөлісті.
"Бар мақсатым - Эриксенге көмектесу болды. Бірақ біздің көмегіміз алаңда дәрігерлерге кедергі жасамау болды. Кристианның жағдайы жақсарғанын естідім. Көңілім енді орнына келіп жатыр. Қалғаны қатты маңызды емес. Стадионда менің әйелім мен балам болды. Тіпті не айтарымды білмеймін. Бастысы барлығы артта қалды.
Мен Эриксенді өліп қалды ма деп ойладым. Сол кезде біз Дания құрамасы қандай шешім шығарса да, қолдаймыз деп шештік. Бірақ олар кездесуді жалғастыруға дайын болды. Сондықтан біз жиналып, алаңға қайта шықтық. Алайда оған дейін барлығымыз уайымдап, оның жағдайы туралы хабарды күттік", - деп келтіреді қорғаушының сөзін Sport24 порталы.
Еске салайық, сенбі күні В тобында өткен Дания мен Финляндия арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймның соңында алаң қожайындарының 29 жастағы жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен өз-өзінен құлап, есінен танып қалды. Алаңға бірден дәрігерлер шығып, бірнеше минут бойы ойыншыға көмек көрсетті. Тіпті жүрегіне тікелей массаж да жасады. Кейін Кристиан есін жиып, оны бірден емхана алып кетті.
Кейінірек УЕФА футболшының есін жиып, емханада екенін хабарлады. Ал ойын болса екі сағат тоқтап, кейін қайта жалғасты.
Жарнама