Спорт | Қызықтылар | Vesti.kz |
Жарнама
"Брайтон" командасының қорғаушысы Бен Уайт Еуропа чемпонатына қатысу үшін Англия құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды құраманың ресми сайты.
Уайт негізі әу баста Англия құрамасының кеңейтілген тізімінде болды. Бірақ Еуропа біріншілігіне баратын футболшылардың тізімінен шығып қалды. Енді 23 жастағы футболшы "Ливерпуль" қорғаушысы Трент-Александр Арнольдтың орнына шақырту алды. Арнольд құрама сапында өткізген жаттығулардың бірінде жарақат алып қалды.
Айта кетейік, Англия құрамасы Евро-2020 турнирінде С тобында Хорватия, Шотландия және Чехия құрамаларына қарсы кездесу өткізеді.
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама