auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Англия өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионаты финалына шықты

Англия өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионаты финалына шықты
Reuters©

Футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасы экстра-таймда Данияны ұтып, финалға шықты. Ағылшындар өз тарихында алғаш рет басты ойында бақ сынайды.

"Уэмбли" стадионындағы ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Матчтағы екі гол да бірінші таймда соғылды. 30-минутта Миккель Дамсгард айып добын тамаша орындап, Англия құрамасы қақпасына доп тоғытты. Пикфорд қорғаған қақпаға осы жарыста алғаш рет гол соғылды.

Англия құрамасы бірінші тайм аяқталғанға дейін есепті теңестіре білді. 39-минутта Букайо Сака асырған допты Симон Кьер өз қақпасына енгізіп алды.

Екінші таймда командалар есепті өзгерте алған жоқ. Англия құрамасы шабуылды үдеткенмен, Каспер Шмейхель қақпасына доп өткізген жоқ.

Ағылшындар өз дегеніне экстра-таймда жетті. Айып алаңында Рахим Стерлингке қарсы ереже бұзылып, бас төреші Дэнни Маккели пенальти белгіледі. Харри Кейн тепкен допты Каспер Шмейхель қайтарғанмен, қарымта соққыда шабуылшы гол соғып кетті. Бұл гол Англия құрамасын финалға алып шықты.

Еуропа чемпионатының финалы 11 шілдеден 12 шілдеге қараған түні дәл осы "Уэмбли" стадионында өтеді. Ағылшындар Италия құрамасымен кездеседі.  

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама