auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Словакия құрамасы Польшадан жеңісті жұлып алды

Словакия құрамасы Польшадан жеңісті жұлып алды
Сурет: УЕФА

Футболдан Еуропа чемпионатында E тобындағы командалар алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұл топтағы бірінші ойында Словакия құрамасы Польшамен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын Санкт-Петербург қаласындағы "Газпром Арена" стадионында өтті. 

Есепті 18 минутта Словакия құрамасы ашты. Роберт Мак тепкен допты Войцех Щесны өз қақпасына жіберіп алды. Төреші автогол тіркеді. Айта кетейік, бұл Еуропа чемпионаты тарихында қақпашы соққан бірінші автогол болды. 

Екінші таймның 46-шы минутында Польша таразы басын теңестірді. Голды Кароль Линетти соқты. 

Ал 62-ші минутта Гжегож Крыховяк екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Сөйтіп Словкаия құрамасы басымдықты өз қолына алды. 

69 минутта "Интердің" қорғаушысы Милан Шкриньяр гол соғып, қонақтар жеңіске жетті. 

Еске салайық, Е тобында бұл екі құрамадан бөлек, Испания мен Швеция бар. Олар бүгін Севилья қаласында кездеседі. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар