LUuPXo9eh1DMhp8ZN96nUJPhZKenK89FFXc7i8lX
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкин - Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Ресейде өтуі мүмкін

Головкин - Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Ресейде өтуі мүмкін
Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Омар Кремлев "Чемпионатқа" берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті елде өткізу туралы өтініш беру жоспарын бөлісті.

Алдыңғы екі жекпе-жек те Американда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. 2017 жылы қыркүйектегі бірінші жекпе-жекте тең нәтиже болды, ал бір жылдан кейін Альварес жеңіске жетті, осылайшы Головкин карьерасындағы алғашқы жеңіліске ұшырып, WBC, WBA (Супер) және IBO версиясы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылды.

"Геннадийге реванш өткізуге кеңес берер едім, - дейді Кремлев. -Соңына дейін күресу керек. Үшінші ретте Головкин оны жеңуі мүмкін деп ойлаймын. Жекпе-жектің Ресейде өткенін қалайсың ба? Геннадийге "Канеломен" үшінші жекпе-жекті Ресейде өткізу туралы ұсыныс айтқалы жүрмін.

Келесі жылы бокс форумы өтеді. Соңғы күні Головкиннің жекпе-жегін қойғымыз келеді. Ойланып, талқылап көреміз, мүмкін келісетін шығармыз. Форум маусымда болады. Кейінірек барлық мәліметті бөлек жариялаймыз. Әзірше тіпті өтетін аймақты таңдағанымыз жоқ. Таяудағы конференцияда жариялаймыз деп ойлаймын".

Еске салайық, Головкин ақпанда Сочиде өткен бірінші халықаралық бокс форумының келбеті болған. Қазақстандық карьерасында сегіз елде жекпе-жек өткізген, бірақ Ресейде рингке шықпаған.

Мұның алдында Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екендігін мәлімдеді. Ол 2019 жылы болуы мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар