Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Дэвис кубогы". Кукушкин Қазақстанға екінші ұпайын сыйлады

Қос құрама арасындағы бірінші ойында Дмитрий Попко Генри Лаксоненді ұтқан болатын.

"Дэвис Кубогы" аясында Швейцариямен кездесіп жатқан қазақстандық теннисшілер 2:0 есебімен алға шықты. Құрама ойыншылары арасындағы екінші ойында Михаил Кукушкин Адриан Бодмерді ұтты.

Астанада өтіп жатқан кездесуде Михаил Кукушкин қарсыласын 3:1 есебімен ұтты. Бірінші сетте швейцариялыққа есе жіберіп, кейінгі үш сетті өз еншісіне жазды.

Қос құрама арасындағы бірінші ойында Дмитрий Попко Генри Лаксоненді ұтқан болатын. Ертең жұптық кездесуде қазақстандық  Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин швейцариялық Марк Андреа Хуслер және Лука Маргарола жұбымен жолығады. Қазақстандық теннисшілер жеңіске жетсе, команда ширек финалға уақытынан бұрын шығатын болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу