"Астана" капитаны Якуб Фульсанг Бельгияда Льеж - Бастонь - Льеж беделді жарысында жеңіске жетті, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
256 шақырым қашықтықты даниялық алты сағат, 37 минут, 37 секундта өтті. Фульсангтан кейін мәреге Bora Hansgrohe жетті: италиялық Давиде Формоло 27 секунд, ал германиялық Максимилиан Шахман - 57 секунд кейін келді.
Жалпы бұл жарыста "Астана" үшін 12 адам қатысты, ал Фульсангтан кейін жақсы нәтиже көрсеткен Горке Иссагире - 33-ші келді.
Льеж - Бастонь - Льеж велоспорттағы бір күндік жарыстар арасында өте беделді саналады. Жарыс тарихы 1892 жылы басталып, биыл 105-ші рет өтіп отыр.
Бұл жарыста үш рет қазақстандық спортшылар жеңіске жеткен: Александр Винокуров 2005 жылы T-Mobile Team сапында, 2010 жылы "Астана", ал 2012 жылы Максим Иглинский ол кезде "Астана" құрамында.
Жарнама