Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
"Қайрат" екі пенальти және Исламханның хет-тригінің арқасында "Оқжетпестен" жеңісті жұлып алды
Сурет "Қайрат" клубының ресми сайтынан алынды.
Алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан кубогінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
1/8 финалда алматылық клуб "Оқжетпеспен" кездесті. Көкшетауда өткен кездесуге "Қайрат" легионерлерсіз барып, 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудегі бес голдың үшеуін Бауыржан Исламхан соқты. Оның екеуін капитан пенальтиден ұрды.
Алдымен Исламхан 11 метрлік айып добын сәтті орындап, есепті ашса, кейін Артем Касьянов теңестірген болатын. Содан соң Казбек Гетериев алаң қожайындарын алға шығарған. "Қайрат" командасы Магомед Парагульговтың соққан голының арқасында есепті теңестірді. Кейін Исламхан тағы бір пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарған. Бірақ "Оқжетпес" қорғаушысы Ренат Абдулин тағы да есепті теңестіріп қойды.
Дегенмен Исламхан хет-трик жасап, "Қайратты" тағы алға шығарса, қосымша уақытта Вячеслав Швырев бесінші голды соғып, ойынның нүктесін қойды.
Кездесудің толық статистикасымен мына жерден таныса аласыздар.
Еске салайық, "Қайрат" Қазақстан кубогінің соңғы иегері.
Жарнама