auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

UFC-дегі қазақ Нурмагомедов - МакГрегор төбелесіне қатысқан файтерді жекпе-жекке шақырды

UFC-дегі қазақ Нурмагомедов - МакГрегор төбелесіне қатысқан файтерді жекпе-жекке шақырды
Дамир Ысмағұлов. Сурет: Reuters©
UFC-де өнер көрсететін ресейлік Дамир Исмағұлов шешенстандық Зубайра Тухуговты жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Зубайра, саған Әбу-Дабидегі турнирге әлі қарсылас таппады деп естідім, ал сен Рикардо Ламасты жекпе-жекке шақырыпсың. Бірақ оның жағы сынған, сенімен шыға қоймас. Менің де Әбу-Дабидегі турнирде өнер көрсеткім келеді. Артық ештеңе керек емес, трештоктың да қажеті жоқ, ондай UFC-де өте көп, спорттық қызығушылық қана. Сен үзілістен соң оралып жатсың, ал мен 66 келіге көтерілуге дайынмын. Мен сені және спорттағы жетістіктеріңді құрметтеймін, әлемге екі аралас жекпе-жек шеберінің текетіресін, қарсыластар бір-бірін қалай құрметтеуі керек екенін көрсетейік. Бұл бәріне қызық болады деп ойлаймын", - деп жазды Исмағұлов.



Дамир Исмағұловтың ұлты - қазақ, Орынборда дүниеге келген. Жасы 28-де. Кәсіби жекпе-жектерде 20 жеңіс пен 3 жеңілісі бар. 2018 жылы 1 желтоқсанда UFC-де дебютін өткізіп, аустралиялық Алекс Горджесті жеңген болатын. UFC-дегі екінші жекпе-жегін 2019 жылы 23 ақпанда испаниялық Хоэль Альвареске қарсы өткізген.  Бұл кездесуде ол төрешілер шешімімен жеңген.

Ал Зубайра Тухуговтың еншісінде ММА-де 18 жеңіс (ішінде қазақстандық Қуат Хамитовты жеңгені бар) пен 4 жеңіліс бар. Соңғы рет 2016 жылы мамырда жекпе-жек өткізген. Кейін допинг-сынағы оң нәтиже көрсеткен соң спорттан шеттетілген. 2018 жылы Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегорды жеңген соң октагонға секіріп шығып, ирландиялыққа соққы жасаған. Сол үшін бір жылға спорттан шеттетіліп, 25 мың доллар айыппұл арқалаған болатын.

UFC-дің Әбу-Дабидегі турнирі 7 қыркүйекте өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье күш сынасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама