Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
TMZ телеарнасы UFC жұлдызы Конор МакГрегор мен жанкүйер Ахмед Абдирзак арасында болған оқиғаның видеосын жариялады, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".
Екі салмақта UFC ұйымының чемпионы болған файтер Конор МакГрегор Майами қаласы Майами-Бич ауданындағы Fountainebleu қонақүйі маңында жанкүйердің смартфонын сындырғаннан кейін тұтқындалған болатын. Ирландиялыққа бұзақылық және ұрлық бабы бойынша айып тағылды.
Тұтқынға алу есебі бойынша, МакГрегор 11 наурызда таңғы бесте түнгі клубтан шыққан. Осы кезде жанкүйер онымен бірге суретке түспекші болған. МакГрегор осы сәтте оның смартфонын тартып алып, таптап сындырған. Ал сынықтарын өзімен алып кеткен.
Бірнеше сағат қамауда болған файтер 12,5 мың доллар кепілмен босатылды.
Жарнама