auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

МакГрегор мен Нурмагомедов жекпе-жегі үшін қанша алатындары мәлім болды

МакГрегор мен Нурмагомедов жекпе-жегі үшін қанша алатындары мәлім болды
© Noah K. Murray-USA TODAY Sports
Лас-Вегастағы UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегіне қатысушылардың гонорары белгілі болды, онда екі салмақ категориясындағы бұрынғы UFC чемпионы, аралас жекпе-жек спортшысы ирландиялық Конор МакГрегор мен ресейлік жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

MMAFighting мәліметтері бойынша, МакГрегор мен Нурмагомедов UFC 229 турнирінде ең жоғары кепілді ақы алады. Осылайша, ресейлік спортшы екі миллион доллар, ал ирландық бір миллионға көбірек алады. Турнирдің қалған жүлдегерлері арасында Тони Фергюсон ең жоғарғы сыйақы, 150 мың АҚШ долларына ие болады.

UFC 229 турнирі қатысушыларының гонорары:

Хабиб Нурмагомедов - екі миллион доллар;

Конор МакГрегор - үш миллион;

Тони Фергюсон - 150 мың доллар;

Энтони Петтис - 145 мың;

Овинс Сен-Прю - 86 мың;

Доминик Рейес - 45 мың;

Александр Волков - 75 мың;

Деррик Льюис - 135 мың;

Мишель Уоттерсон - 50 мың;

Фелиз Херриг - 40 мың.

Бұл ақшаға қосымша МакГрегор және Нурмагомедов ақылы-теледидар қызметінен түскен қаражаттың белгілі бір пайыздық мөлшерін алады. Жекпе-жек айналасындағы дүрлікпені ескерсе, мұнда көп қаражат туралы айтылып отыр, бірақ нақты сандар әзірше белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, МакГрегор мен Нурмагомедов арасындағы жекпе-жек 6-нан 7 қазанға қараған түні өтеді, Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 10: 00-де басталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама