auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ержан Естанов пен Жалғас Жұмағұловтардың жекпе-жектерінің видеосы жарияланды

Ержан Естанов пен Жалғас Жұмағұловтардың жекпе-жектерінің видеосы жарияланды
видеодан үзінді

Желіде аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Ержан Естанов пен ресейлік Расул Мирзаевтың, Жалғас Жұмағұлов - Тайсон Нэм жекпе-жектерінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов ресейлік Fight Nights Global промоушенінің аясында өткен кештің басты жекпе-жегінде америкалық Тайсон Нэмді төрешілер шешімі бойынша ұтқан еді. Кездесу 56,7 келіге дейінгі категорияда өтті.

"Бұл ауыр жекпе-жек болды. Менің қарсыласым мықтылығын көрсетті. Алайда мен өзімді көрсетіп, жеңіске лайық екенімді дәлелдедім. Мен осы жеңісімді халқыма жене еліме арнаймын. Жаңа белестерді бағындыруға ұмтыламын", - деді Жұмағұлов. 

Оның қарсыласы төрешілер шешіміне қарсылық білдіруден бас тартып, тек Жұмағұловтың өзін таңғалдырмағанын айтты. 

"Мен өз білетінімді көрсете алмадым деп ойлаймын. Алайда Жұмағұлов мені таңғалдыра алмады. Ол жақсы файтер, бірақ мен оны жеңуім керек еді. Қалай болғанда маған сіздердің аренадағы атмосфера ұнады. Қонақжайлықтарыңыз үшін алғысым шексіз", - деді Нэм. 

Айта кетейік, осы кеште қазақстандық Ержан Естанов пен Расул Мирзаев октагонда үшінші рет кездесті, бұл жолы жекпе-жек "Алматы Аренада" өтті, мұнда ресейлік Fight Nights Global промоушенінің аясында жекпе-жек кеші болды. 

"Негізінде мен көпшілік алдында жақсы шоу көрсеткім келген және сондай жоспар да болды. Бапкерім осы кездесуге жіті дайындады, кеңес беріп, бағыт берді сол себепті бұл туралы менің бапкерімнен білгеніңіз дұрыс болады. Ержанға алғыс білдіргім келеді, ол өте жақсы спортшы. Мен оны адам ретінде дос ретінде де қатты сыйлаймын. Спортта біз қарсыласпыз, өмірде доспыз. Тек бүгін бақ менің жағымда болды. Ары қарай жылжимыз", - деді Мирзаев. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз. 

Естанов пен Мирзаев екі рет жекпе-жекке шыққан: 2013 жылдың наурызында "Великая Битва" аясындағы кездесуде қазақстандық қазылар алқасының шешімімен жеңіліс тапса, 2014 жылдың қарашасында "Дала жауынгерлері" турнирінде ресейлік өз қарсыласы екінші раундтан кейін кездесуден бас тарқан соң жеңімпаз атанған. Осы жолы да Мирзаев қазақстандықты қазылар алқасының шешімі бойынша жеңді.  

Ал тағы бір қазақстандық Жалғас Жұмағұлов америкалық Тайсон Нэмді жеңді. Қазақстандық қарсыласын қазылар алқасының шешімі бойынша жеңіп отыр. Кездесу 56,7 келіге дейінгі категорияда өтті.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама