Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Жалғас Жұмағұловтың командасындағы қазақстандық Гойти Дазаев қазақ файтері мен Али Багаутинов арасындағы жекпе-жектен кейінгі жанжалдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Sport24.ru.
Fight Nights Global 95 турнирінде Жалғас Жұмағұлов дағыстандық Али Багаутиновпен жекпе-жек өткізіп, ең жеңіл салмақта ұйым чемпионы атағын қорғап қалды.
"Бесінші раунд соңында соққылармен алмаса басталды. Сосын Артур Багаутинов біздің бұрышқа келіп, өрмелеп шығып алды да, ағасына кеңес бере бастады. Түсінемін, эмоция бар, тағы басқа, бірақ, спорттықтәртіп болуы керек. Біздің клубтағы бір жігіт оны итеріп жіберіп, өз бұрышына баруды сұрады. Жанжал осыдан басталды, адамдар топырлап кетті. Дегенмен төбелес болмады. Итерісіп, итерісіп қойды. Бұл дұрыс емес қой - өзге бұрышқа жүгіріп бару. Ер адамбыз ғой, эмоцияны басу қажет", - дейді Дазаев.
Айта кетейік, Артур Багаутинов Жалғаспен жекпе-жекке шыққан Алидің туған інісі. 2017 жылы Жұмағұлов Артурмен жұдырықтасып, нокаутпен жеңген еді.
Жарнама