auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Аяқтан шалды". Асаубаеваның анасы мәлімдеме жасады

"Аяқтан шалды". Асаубаеваның анасы мәлімдеме жасады
© instagram.com/bibisarachess
Жас шахматшы Бибісара Асаубаеваның анасы Лиана Таңжарықова қазақстандық спортшының Ресейге көшу себебін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 15 жастағы шахматшының анасы Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

"Бибісара үшін өсу мүмкіндігінің жоқтығы басты себеп болды. Бибісараның әкесімен 13 жыл бұрын ажырасқанмын. Біз әлем чемпионатынан алтын медаль алып келгеннен бастап Бибісараның ағасы жан-жақтан тосқауыл қойды. Бұл туралы сол кезде көбі білді, бірақ жағдайды өзгерту мүмкін емес еді. Себебі ол Қазақстанның жоғары қызметтегі шенеунігі болатын. Нақты бір уақыттан кейін бізді түрлі іс-шараларға қатыстырмайтын болды, аяқтан шалатын,  маңызды оқиғалардан біздің атымызды сызып тастайтын", - деп жазды Таңжарықова.

Кейін Бибісара Ресейге көшіп, Мәскеу облысы шахмат федерациясының намысын қорғай бастады.

"Бибісара Ресейдің қоржынына алтын медаль салған соң жаңағы "туысымыз" белгілі бір себептермен бізге бөгет бола алмады. Сондықтан, мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жүгіндім. Менің сөзіме құлақ асып, біздің оралуымыз үшін барлық амал жасалды", - дейді Асаубаеваның анасы.

Оның айтуынша, Ресейде оларға барлық жағдай жасалған. Егер Бибісара Ресей азаматтығын алса, оларға Мәскеу облысынан жаңа пәтер, тұрақты қаржы беруге дайын болған. Бірақ олар қазақстандық паспорттан бас тартпаған. Кейін АҚШ-тың ұсынысын да қабыл алмапты.

"2018 жылы қарашада АҚШ-та өтетін Гарри Каспаровтың сессиясына шақырту алдық. Әрине, ол жақта бәрі мүлде басқаша. Оларда Американың кез келген оқу орнына гранттар беріледі. Бибісараға АҚШ-тың намысын қорғауға ұсыныс жасалды. Штаттарда паспортыңды ауыстырмай-ақ, сол елдің атынан өнер көрсете беруге болады. Дұрыстап ойланып, өз еліміздің намысын қорғауды жөн деп шештік. Біз өз елімізден басқа ешкімге керек емеспіз", - деді Таңжарықова.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама