Джалолов Астанада Дычкомен айқаса ма? Промоутер мәлімдеме жасады

Орта салмақ чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11 КО) 5 сәуір Астанада өтетін бокс кешін ұйымдастырушылар өзбекстандық Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) пен қазақстандық Иван Дычко (14-0, 13 КО) арасында айқас өткізу мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокс кешіне арналған баспасөз мәслихаты кезінде ұйымдастырушылар бұл жекпе-жекті де ұйымдастырып беруге дайын екенін мәлімдеді. Қазіргі таңда Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болған өзбекстандықтың қарсыласы белгісіз. Бірақ оның Астанадағы бокс кешіне қатысатыны хабарланып қойды.
"Мұны екі боксшыдан сұрау керек, менен емес. Егер олар айқасқысы келсе, неге өткізбеске? Біз қолдауға дайынбыз, бірақ оған екі боксшының да келісім қажет", - дейді Nomad Promotions өкілі Сэм Катковски.
Жарнама