auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Былғары қолғапты 25 жасында киді". Елеусіновтің қарсыласы бокспен қатерлі ісікті жеңу үшін шұғылданған

"Былғары қолғапты 25 жасында киді". Елеусіновтің қарсыласы бокспен қатерлі ісікті жеңу үшін шұғылданған
Сурет: боксшының әлеуметтік желісінен
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) келесі қарсыласы 34 жастағы жеңілмеген амеркиалық боксшы Решард Хикс (12-0-1, 6 КО) болды. Жекпе-жек 13 қыркүйек Нью-Йоркте өтеді. Олимпиада чемпионының қарсыласы жайлы ақпаратпен Vesti.kz материалынан таңыс болыңыздар.

Америкалық 1984 жылы 17 қараша Техас штатындағы Киллен қаласында дүниеге келген. Хикс бала кезінде бокспен әуестенбеген. Ол жеңіл атлетикамен айналысып, колледж командасы үшін америкалық футбол ойнаған. Оқудан кейін әскерде болды. Ал біраз уақыт өте оның асқазанынан қатерлі ісік анықталды да, бірінші кавалериялық дивизия механигі әскери борышынан босатылды. Бірнеше жыл бойы дертпен күрескен Хикс боксқа қызыға бастайды. Амеркиалық былғары қолғапты тек 25 жасында киген.



Төрт жылдан кейін Хикстің кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі өтіп, төрешілер шешімімен жеңді. Карьерасын жеңіл салмақта бастаған америкалық қазіргі таңда жартылай орта дивизионда өнер көрсетеді. Алты жылда ол 13 жекпе-жек өткізіп, он екісінде жеңіске жетті, жартысы нокаутпен. Реашрд отандасы Джонатан Стиллді ғана жеңе алмады. 2019 жылы осы Стиллді қазақстандық Бобыржан Момынов жеңгенін айта кетейік. Момынов мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекке дайындалуға көмектескенімен белгілі.



Хикс 20 сәуірде өткен соңғы жекпе-жегінде отандасы Деннис Найфчифті жеңіп, Амеркиалық бокс федерациясының (ABF) бос болған белбеуін иеленді. Сонымен бірге, ол қазақстандық боксшылар Али Ахмедов пен Искандер Харсанның андеркартында бірнеше рет жұдырықтасқан. 

BoxRec рейтингінде ол 439-шы орында. Ал Елеусінов 167-ші.



Соңғы сұхбаттарында боксшы промоутерлердің оған деген қызығушылығы жоғына шағымданған. Оның айтуынша, олар боксшының жасынан қорқады. Қазіргі таңда амеркиалықтың ісін Underwood Promotions компаниясының промоутері Майк Кэмерон жүргізеді. Ал оның үлгі тұтатын боксшысы атақты Флойд Мейвезер. 



Өз кезегінде Елеусінов соңғы рет рингке 25 мамыр Оксон-Хиллде шығып, чилилік Луис Норамбуэнаны (3-4-1, 0 КО) шешім. Алдағы жекпе-жек 28 жастағы Елеусінов үшін бұл АҚШ-тағы бесінші кездесуі. Ал кәсіпқойдағы карьерасын 2018 жылы бастаған. 


Сурет: Хикстің әлеуметтік желісінен
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама