Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қанат Ислам не үшін Головкиннің салмағына өткенін айтты

Ол чемпиондыққа дайын екенін айтады.

Қанат Ислам не үшін Головкиннің салмағына өткенін айтты
© roundbyroundboxing.com
0
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0-0, 20 КО) орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуі үшін 36 жастағы доминиканалық Хулио де Хесуспен (28-1, 27 КО) жекпе-жекке дайындық туралы айта отырып, бұл дивизионға үлкен мақсаттармен келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Білсеңіздер, өмірде түрлі жағдай болады. Жарақаттан ұзақ сауықтым. Қазір жекпе-жектерге дайынмын.

Қарсыласымды құрметтеймін және жекпе-жекке дайынмын. Бұрын 69 келіде өнер көрсеткенмін. Ал "Астана - Арланста" жүргенімде орта салмақта жұдырықтастым.  Бұл салмақта жұдырықтасуға дайынмын.

Қазір өзімді жайлы сезінемін. Бұл дивизиондағы бәсекеге дайынмын. Жақсы дайындық пен биік рухтың арқасында. Бастысы алға ғана жүріп, мақсаттарға жету.

Бұл бәсекелі салмаққа үлкен жекпе-жектер үшін келдік. Чемпион болуға дайынмын! Эгис Климаспен осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ол қазір Қазақстанда және бокс кешіне келу керек. Онымен жұмыс істеп, биік шыңдарға жетеміз", -  дейді Ислам.

Еске салайық, Қанат Исламның бокс кеші 5 шілде Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Бұл шоудың андеркартында Мадияр Әшкеев, Руслан Мырсатаев және басқа да қазақстандық боксшылар жұдырықтасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости