Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Головкиннің промоутері "Канеломен" үшінші жекпе-жектің жалғыз кедергісін атады

DAZN жетекшісінің де маңызы бар.

Головкиннің промоутері "Канеломен" үшінші жекпе-жектің жалғыз кедергісін атады
© fightnews.info
0
Қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) промоутері Том Леффлер BoxingScene порталына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жекке бөгет болуы мүмкін жалғыз себепті атады.

Оның сөзінше, DAZN стриминг қызметінің атқарушы директоры Джон Скиппер GGG-мен келісімшартқа қол қою, "Канеломен" трилогияға жол деп айтқан. Жақын күндері Скиперр мексикалық боксшы және оның промоутері Оскар Де Ла Хойямен келіссіөз жүргізуі мүмкін.

"Мұны командамен отырып талқылаймыз. Тағы да айтам: GGG DAZN-мен келісімшартқа қол қойды, Джон Скиппер мұны "Канеломен" жекпе-жекке апарар анық жол деп атаған. Енді Джон Альварес және Оскармен келіссөздер жүргізу керек. Golden Boy-мен екі жекпе-жек ұйымдастырдық. Кедергілер көп болды, GGG өз тарапынан көп жеңілдік жасады. Енді екі рет жұдырықтасқан соң үшіншісіне қандайда бір бөгет жоқ деп ойлаймын - егер "Канелоның" өзі Головкинмен үшінші рет рингте болғысы келмесе.

Головкин - Альварес жекпе-жегіне басқа кедергі көріп тұрғаным жоқ. Екінші кездесу алдында Golden Boy дедлайн жариялады, Геннадий бұл мерзімге үлгерді, жекпе-жек өтті. DAZN-де, Головкинде сияқты бұл кездесуді өткізуге ынта бар. Бұл екі жігітке де қаржылай себептер бойынша керек, мұны жанкүйерлер де көргісі келеді, баспасөз талап етіп отыр. Шынын айтқанда бұл спортта ұйымдастыруға болатын ең үлкен жекпе-жектің бірі", - дейді Леффлер. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости