Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Головкиннен ешкім қорықпайтын болды". DAZN серіктесі Роллсты мақтап, "Канеломен" трилогия жайлы мәлімдеме жасады

Ол GGG қарсыласының басты қателігін де атады.

"Головкиннен ешкім қорықпайтын болды". DAZN серіктесі Роллсты мақтап, "Канеломен" трилогия жайлы мәлімдеме жасады
Геннадий Головкин және Стив Роллс. Сурет: DAZN
0
Британиялық танымал промоутер Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс жекпе-жегі жайлы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хирннің пікірінше, Головкин жекпе-жектің басында қиындықтарға тап болған, алайда сол жағдайдан шығып кете алды.

"Меніңше, бұрын Головкиннен қорқатын. Ал "Канеломен" жекпе-жектерден соң, екеуін де жеңсе де, ол көп соққы жібере бастағанын, оны артқа шегіндіріп тастауға болатынын көрдік. Бірақ "Канеломен" екі кездесуде де Головкин жеңді деп ойлаймын. Ал Роллс жекпе-жекті белсенді бастап, екі раундты жақсы өткізді. Бірақ Геннадиймен жақын қашықтықта болып, соққылармен алмаспау керек, ол мықты панчер. Роллстың нокауты әсерлі шықты. Енді DAZN, GGG Promotions пен Golden Boy Promotions Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегін қыркүйекте өткізу жөнінде келіссөзге кіріседі деп ойлаймын.

"Канело" мен Головкиннің үшінші рет жұдырықтасуын көргім келеді. Бірақ Саульдің Каллум Смит немесе Деметриус Андрадеге қарсы жекпе-жектерін де өткізуге болады. Головкин мен Андраде кездесуі де қызық", - деді Хирн.

Головкин - Роллс жекпе-жегі 9 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) өтіп, қазақстандық боксшы төртінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Бұл - GGG-дің DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегі.

Жекпе-жектен кейін Головкин Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости