Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Ғаламат болар еді". Головкин бұрынғы әлем чемпионын жұдырықтасуға шақырды

GGG рингке 8 маусымда оралады.

"Ғаламат болар еді". Головкин бұрынғы әлем чемпионын жұдырықтасуға шақырды
© boxingscene.com
0
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер екінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Карл Фрочке қазақстандық боксшымен жұдырықтасуды ұсынды, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.

Головкин мен Фроч жекпе-жегі жайлы алғаш рет 2016 жылы айтылған еді. Бірақ карьерасын 2014 жылы аяқтаған Фроч рингке оралмаймын деп шешкен болатын. Ал қазір боксшы өзінің сұхбаттарында рингке оралып, өзінің ескі қарсыласы Джордж Гроувзбен кездесуді жоспарлап жатқанын айтты. 2014 жылы олардың екінші жекпе-жегі Лондондағы "Уэмбли" стадионында 80 мың жанкүйер жинаған еді.

"Бұл жекпе-жекті Головкин үшін ұйымдастыруға тырыстық. Енді бокстағы жаңа экономикалық шарттарға байланысты Карлдың сыйақыға көңілі толуы мүмкін. Эдди Хирннің айтуынша, Фроч сол кезде мұрнын енді қалпына келтірген, сондықтан оны қайта сындырып алғысы келмеген екен. Бірақ тыңдаңыздаршы, Головкин мен Карл Фроч "Уэмблиде" - бұл ғаламат болар еді. Сол кезде ол 80 мыңның орнына 90 мыңды айта алады, бұл ғажап болады", - деді Том Леффлер.

Айта кетейік, Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллске қарсы өткізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости