Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Ұйымдастырам, қолымнан келеді". Оскар Де Ла Хойя "Канело" - Головкин трилогиясы туралы мәлімдеме жасады

Промоутер бұл жекпе-жекті өзі де көргісі келеді екен.

"Ұйымдастырам, қолымнан келеді". Оскар Де Ла Хойя "Канело" - Головкин трилогиясы туралы мәлімдеме жасады
© allboxing.ru
0
Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы және орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) ісін жүргізетін Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек ұйымдастыру жайлы ойын айтты.

Боксшылар Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең аяқталды, ал бір жыл өте Альварес төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айрылды.

Биыл наурызда Головкин DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшартқа отырды, Альварес бұл телесеріктеспен былтырдан бері келісімде. Де Ла Хойяның сөзінше, бұл жағдай трилогия ұйымдастыруды жеңілдете түсті.

"DAZN-де ең мықты боксшылар жиналған. Бокс туралы сөз болғанда көпшілік ойына бірден "Канело", Головкин және Энтони Джошуа келеді. Головкин DAZN-мен келісімге келгендіктен, "Канеломен" үшінші жекпе-жек ұйымдастыру жеңіл болады. Өз тарапымнан, бокстың үлкен жанкүйері ретінде, трилогияға дайын екенімді, ұйымдастырғым келеді және өткізе аламын дегім келеді", - дейді промоутер. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости