auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Промоутердің сауатсыздығы". Маман Фируза Шарипова командасының қателігін ашық айтты

"Промоутердің сауатсыздығы". Маман Фируза Шарипова командасының қателігін ашық айтты
© Allboxing.ru
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Фируза Шарипованың командасы жекпе-жек өткізу үшін мемелекеттен қаржы сұрамауы тиіс екенін айтады. 

Боксшы қыз Ева Вальстреммен жұдырықтсуға спонсорлық көмек сұрап, әкімдіктер, министрлік пен Қазақстан президентіне де өтініш жазғанын, алайда, ешқандай көмек болмай отырғанын айтқан еді. Ал Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі 2018 жылы Шариповаға жекпе-жек өткізуге 74 842 650 теңге бөлінгенін мәлімдеді.

"Бұл мәселеге араласқым келмейді, бірақ, бірдеңені нақты айта аламын. Кәсіпқой боксшылар мемелекеттен қолдау сұрамауы тиіс. Ол бюджет қаржысы және салық төлеушілерге тиесілі. Мұндай жағдайда Шарипованың командасы демеушілер мен меценаттар іздеу керек. Оларда жақсы өнім бар - Фируза. Оны танымал етіп, ілгерлету қажет. Мемелекеттен көмек сұрау - бұл промоутердің сауатсыздығы. Мемлекет оларға көмектесуге міндетті емес. Кәсіпқой бокс мемлекетке тәуелді емес. Ресейде қанша бокс кеші өтетін қараңыз. Ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырмайды. Меценаттар мен демеушілер қатысады. Бізде бұл онша дамымаған. Міне сондықтан боксшылар АҚШ пен Канадаға барып жатыр. Онда өзіңді көрсетуге мүмкіндік бар", - дейді Демьяненко.

Айта кетейік, 3 сәуірде Шарипова Халықаралық бокс ұйымының (IBO) чемпиондығынан және WBC Silver белбеуінен айырылғаны белгілі болды.  Қазіргі таңда қазақстандық спортшыда жеңіл салмақтағы WIBA титулы ғана қалды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама