Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Біздің бокс мектебіміз АҚШ-та жоғары бағаланады". Мейірім Нұрсұлтановтың үлкен сұхбаты

Боксшы кәсіпқойда 11 жеңіске жеткен.

© VKFaces.com
0
187
27 наурыз 15:39
Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов біраздан бері титулдарға үміткер қатарында. Оның ісін жүргізетін әлемнің үздік менеджерлерінің бірі Эгис Климас боксшыны мақтап отыр. Демек жақын уақытта қазақстандық биіктен көрінеді деген үміт бар. 

Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Нұрсұлтанов Климаспен серіктестік пен ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен достық туралы айтып берді. 

- Мейірім, карьераңыздағы басты оқиғаның бірі Эгис климаспен келісім. Айтарлықтай белгілі маман, өз ісінің шебері. Онымен жұмыс істеу жеңіл ме және онымен бірге биіктерден көріне аларыңызға сенім бар ма?

- Эгис Климаспен бірге жұмыс істейтініме қуаныштымын. Ол расымен өз ісінің үздігі. Онымен биіктерге жетеріме сенімдімін. Эгиспен жұмыс істеу өте жеңіл. Өз міндетін толық 100 пайызға орындайды. 

- Сергей Ковалевпен жиі жаттығасыздар. Ол тіпті сіздерді әлемнің болашақ чемпиондары деп атаған. Қатынастарыңыз қаншалықты тығыз? Залдан өзге жерде де араласып тұрасыздар ма?

- Сергей Ковалевпен ара қатынасымыз жақсы. Залдан бөлек жерде жиі кездесеміз деп айта алмаймын, бірақ жүздесіп қалсақ, әңгімеміз жарасады. Кейде қоңырау шалысып тұрамыз. 



- АҚШ-та жаттығып жатқаныңызға біраз болды. Икемделдіңіз бе?

- АҚШ-та жүргенімізге екі жарым жыл. Жергілікті тұрмысқа үреніп кетті. Сіңісітік деуге болар. Айтарлықтай қиындықтар жоқ, көршілерімізбен араласып тұрамыз, бәрі жақсы. 

- Әуесқой бокстағы кезңізді сағынбайсыз ба? Қалай дегенмен Олимпиадаға барғыңыз келген. Кәсіпқойға ауысқаныңызға өкініш жоқ па?

- Әрине ол кезді сағынам, Қазақстан құрамасы, "Астана Арландары" сапындағы жаттығуларды. Бәрі Жаратушының қолында. Олимпиадамен болмады. Бірақ кәсіпқойға кеткеніме өкінбеймін. Дұрыс істедім деген ойдамын. 

- Ұқсағыңыз келетін боксшы бар ма?

- Шынын айтсам, ұқсағым келетін, қайталауға тырысатын боксшы жоқ.

- Әуесқойда жинаған тәжірибе кәсіпқойда қаншалықты пайдалы? Көпшілік шеберлігіңізді атап өтеді

- Ол тәжірибе үлкен көмек. Біздің бокс мектебіміз мұнда жақсы бағаланады. Аяқпен жұмыс істеу, қашықтықта - бәрі керек, рингте бәрінің қажеті бар. 



- Қазіргі таңда басты назарға алған тұсыңыз бар ма?

- Қзір аздаған ұзіліс алдым. Жақын арада жаттыға бастайтын шығармын. Ең бірінші физикалық мүмкіндігімді арттырамын. Соңғы жекпе-жегімді қайта қарап шығамын. Қателіктер бар, келесіде қайталамау үшін бірінші кезекте солармен айналысамын. 

- Биыл қазақстандық боксшылардан кім көзге түсуі мүмкін? Оларды бақылап отырасыз ба?

- Біздің боксшылардың бәрі мықты. Жекпе-жектерін жібермеуге тырысамын. Трансляция болса, міндетті түрде тамашалаймын.

- Ағаңызбен (Мерей Ақшалов) жиі көрісіп тұрасыз ба? АҚШ-қа келіп тұра ма?

- Әзірге тек Қазақстанда көрісеміз. Әлі келген емес, бірақ, жақын арада келіп қалар. Үлкен жекпе-жектер болғанда міндетті түрде жанымда болып, қолдайды. 



- Чсоңғы жекпе-жекке қарсылас қалай таңдалды?

- Шынын айтсам, бұл қарсыласты жекпе-жекке дейін он күн бұрын ғана белгіленді. Бастапқыда басқа боксшымен жұдырықтасу керек едік. Бірақ ол бас тартты. 

- Рингте ойлағаныңызды іске асыра алдыңыз ба?

- Жоқ, он күнде қарсыласымды танып үлгеру мүмкін болмады. Жеке тактика мен жекпе-жек жоспарын құра алмадық. 

- Рингте кіммен кезіккіңіз келеді?

- Нақты аттарын атамаймын. Алайда команда ұсынған кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын. 

- Келесі жекпе-жекке қатысты ақпарат бар ма?

- Ондай ақпарат жоқ. Әзірге рингке оралатын күн де белгісіз, уақытын анықталғанда қарсылас таңдай бастаймыз.



Еске салайық, Нұрсұлтанов кәсіпқойдағы 11 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен, оның сегізі нокаутпен.

Сурет Нұрсұлтановтың Facebook парақшасы (1) мен Main Evants сайтынан (2,3).
Әлеуметтік желілерде бөлісу
0
187
27 наурыз 15:39
Новости