auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Серік Сәпиев депутаттық мандатын тоқтатуды өтінді

Серік Сәпиев депутаттық мандатын тоқтатуды өтінді
Мәжілісте депутат Серік Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Мелдешов шешімді оқыды.

"ҚР Орталық сайлау комиссиясы отставкаға кету жайлы өтініштің түсуіне байланысты Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәпиев Серік Жұманғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін шешуге ұсыныс жасайды", -деді Мелдешов.

Депутаттар дауыс беріп, Сәпиевтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады.

"Құрметті Серік Жұманғалиұлы, сізге парламентте бізбен бірге атқарған жұмысыңыз үшін барлық депутаттық корпус атынан алғыс айтамыз. Сізге мемлекеттік қызметтегі жаңа орныңызда сәттілік тілейміз", - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Серік Сәпиев әріптестеріне алғысын айтты.

"Осы мүмкіндікті қолдана отырып, біздің Мемлекет басшысы, партия төрағасын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа спортта осындай сенім білдіргеніне алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, сізге Нұрлан Зайруллаұлы және құрметті әріптестерімнің әрқайсына айтқан кеңестері, көрсеткен қолдауларына, Парламент Мәжілісінде жинаған тәжірибе үшін алғыс білдіремін. Сіздермен әлі де осылай жұмыс істейміз деп сенемін. Еліміздің өркендеп, қоғамымыздың дамуы үшін", - деді Сәпиев.

Еске салайық, Серік Сәпиев Мәжіліс депутаты қызметіне 2017 жылдың ақпанында келген еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама