Орта салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-1, 12 КО) қазақстандық Геннадий Головкиннен (38-1-1, 34 КО) жеңілістен үш жыл өте карьерасын қайта жалғастырды, - деп хабарлайды
vringe.com.
2016 жылы сәуірде жеңіліп көрмеген АҚШ проспекті міндетті қарсылас ретінде сол кездегі чемпион GGG-мен жұдырықтасып, екінші раундта жеңілді. Сол уақыттан бері Уэйд рингке шықпады.
1 ақпанда ол АҚШ-тың Рочестер қаласындағы бокс кешінде аргентиналық Мартин Риосспен IBO ұйымының ұлтаралық белбеуі үшін жұдырықтасады.
Ал Головкин қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңілгелі бері рингке шықпады.
Жарнама