Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Канадалық промоутермен келісімшартын үзген Хұсайынов алдағы жоспарларын айтты

Ол канадалық бокс немен ерекшеленетінін түсіндірді.

Канадалық промоутермен келісімшартын үзген  Хұсайынов алдағы жоспарларын айтты
© Karljessy.com
0
Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Абылайхан Хұсаинов (10-0, 7 КО) Open Ring YouTube арнасына берген сұхбатында Канададағы бокс ерекшелігі мен карьерасы туралы айтты, - деп хабаралйды Vesti.kz.

- Канадалық бокс мектебінің ерекшелігі туралы айта аласыз ба?

- Канадада физикалық дайындыққа көп мән береді. Біздегідей мектеп жоқ. Бізде кішірек кезіңнен бәрін үйретеді. Онда әуесқойда 10-15 жекпе-жектен кейін кәсіпқойға ауысады. Бокстары агрессиялы. 

- Промоутермен келісімшартты неге үздіңіз?

- Келісіпеушіліктер туды. Екі тарап келісіммен шештік. Ешкім ешкімге ренжулі емес. Жақсы қарым-қатынаста қалдық. 

- Енді кіммен келісімшарт жасасуды жоспарлап отырсыз?

- Промоутер іздейміз. Қазақстандық па, шетелдік пе, бәрібір. Бастысы - шарттары жақсы болғаны. 

- АҚШ-та қашан жұдырықтасасыз?

- Бүл әр боксшының арманы. АҚШ-та жаттығып, сонда жұдырықтасқым келеді. Көреміз, ары қарай қалай болатынын. 

- Кіммен жұдырықтасқыңыз келеді?

- Бұл салмақта Василий Ломаченко және Майки Гарсия көшбасшы. Әрине, мықтылармен ғана жұдырықтасқым келеді. Бұл биік шыңға апарар жол. Бірақ бұл үшін рейтингім жоғары емес. Алда осындай жекпе-жекке шығамын деген үміттемін. Бәрі промоушен мен менеджментке байланысты. Екі-үш жыл керек шығар. 

- Карьераңызда ең маңызды не?

- Әр боксшы жеңілмеген болып қала беруін қалайды. Бұл өте қиын. Әр жекпе-жек сайын қарсыластар да мықтырақ. Рекордыңды сақтағың келсе, жаттығу қажет. Бірден топ қарсыласпен жұдырықтасу қиын. Бұл Ломаченконың ғана қолынан келді. 

- Осындай мүмкіндік болса, шығатын ба едіңіз?

- Иә. Әрине. Әркімге титулды жекпе-жекте жұдырықтасу мүмкіндігі туа бермейді. Мен мұндай кездесулерге дайынмын. Алайда бірден бола қоймайтын шығар. 



Жақында Хұсайнов Eye of Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартын үзген. Кәсіпқой карьерасын ол 2015 жылы Қытайда бастап, кейін сегіз жекпе-жегін Канадада өткізді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости