Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Геннадий Головкин салмағында тағы допинг дауы туды

Қазақстандықты бұл боксшымен жұдырықтасуға міндеттеген.

Геннадий Головкин салмағында тағы допинг дауы туды
© worldboxingnews.net
0
Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) және оның егізі алғашқы орта салмақта WBC чемпионы Джермелл Чарло (31-0, 15 КО) мідетті допинг тестін өткізіп алды. Бұл туралы talkSPORT журналисті Майкл Бенсон хабарлады.

WBC чемпиондары мен белбеуге үміткерлердің барлығын VADA (Допингке еркін тестілеу қауымдастығы) "Таза бокс" бағдарламасы бойынша тексереді.

"Джермалл Чарло егізі Джермелл Чарло екеуі WBC бағдарламасы бойынша VADA-ның өткен айдағы тексерісін өткізіп алғанын мойындады. Ол өзге бір бұзық ой болмағанын айтады, себеп - жарнамалық міндеттерге байланысты қалада болмауы", - деп жазыпты Бенсон твиттер желісінде. 

Осыдан кейін Бенсон WBC ұйымының бұл жағдайға байланысты қандай шара қолданғаннын хабарлады.

"WBC Джермалл мен Джермелл Чарлоларға өткен айда VADA тестін өткізіп алғаны үшін айыппұл салды. Боксшылар VADA-ны үнемі қайда екендері туралы хабардар етуі қажет. WBC бұл үшін келесі жылдан бастап жазаны қатаңдататынына сендірді", - дейді ол. 

WBС тәртіптік ресми регламентінің 4.6-бабында допинг-тестті өткізіп алғаны үшін боксшыны немесе оның команда өкілдерін қалай жазалайтынын ұйым өзі шешетіні айтылған. Жаза түрлеріне - айыппұл, рейтингтен шығарып тастау, уақытша шеттеу, чемпиондық белбеуден және үміткерліктен айыру көрсетілген. 

Мұның алдында WBC уақытша чемпион Чарлоны ұйым рейтингінде бірінші тұрған қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасуға міндеттеген болатын. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости