auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Тіс қаққан ең тәжірибелі қарсыласы". Қазақстандық Ахмедовтың кіммен жұдырықтасатыны анықталды

"Тіс қаққан ең тәжірибелі қарсыласы". Қазақстандық Ахмедовтың кіммен жұдырықтасатыны анықталды
Садриддин Ахмедов (оң жақта). Сурет: Eye of The Tiger Management©
Жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) келесі жекпе-жегінде мексикалық Жозе Франсиско Зунигамен (14-11-2, 5 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы мексикалық әдеттегі "джорнимэн" - кез келген жекпе-жекке дайын, карьерасындағы жеңіс тізіміне алаңдамайтын тіс қаққан боксшы. Зунига қазақстандықтың ең тәжірибелі қарсыласы. Кәсіпқой рингтегі карьерасында ол 27 жекпе-жек өткізген. Мексикалық 14 рет жеңіске жетіп, 11 рет жеңілген және екі жекпе-жегінде тең түскен. 

Ахмедовтың қарсыласы жұдырықтасқан боксшылардың тізімінде белгілі есімдер жоқ. Ол чемпиондық үшін жұдырықтаспаған, карьерасында алғашқы жартылай және жартылай салмақта ауысып жүрген. Қазақстандықпен жұдырықтасу үшін ол өзін жаңа дивизионда сынап көреді - боксшылар алғашқы орта салмақта қолғап түйістіреді. 

Сонымен бірге, Зунига үшін Канаданың Квебек қаласындағы жекпе-жектің тағы бір ерекшелігі болады. Бұған дейін мексикалық тек отанында ғана жұдырықтасқан. 

Ахмедов кәсіпқой рингке биыл ауысты. Төрт жекпе-жегін де Канадад өткізген. Әуесқойда ол 2016 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы болды. Канадада оның ісін Eye of the Tiger Management компаниясы жүргізеді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама