auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

WBC Головкинді жеңген "Канело" Альвареске чемпиондығын өз еркінше қорғауға рұқсат етті

WBC Головкинді жеңген "Канело" Альвареске чемпиондығын өз еркінше қорғауға рұқсат етті
Сауль "Канело" Альварес. © zimbio.com
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (50-1-2, 34 КО) белбеулерін өз еркімен қорғауға рұқсат берді. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында айтты.

Альварес бұл белбеулерді 15 қыркүйек Лас-Вегаста қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) төрешілер шешімі бойынша жеңген соң иеленген. Ал WBC бойынша міндетті қарсылас Джермалл Чарло (27-0, 21 КО).

"WBC конвенциясында он жеті салмақ бойынша міндетті жекпе-жектерді қарастыруымыз қажет. Қиын мәселелер бар. Олардың бірі - "Канелоның" орта салмақтағы чемпион ретіндегі болашағы. "Уақытша" чемпион Джермалл Чарлоның "Канеломен" жұдырықтасуға құқы бар. Желтоқсанда Саульде өз еркімен қорғау болады, ал 2019 жылы - міндетті", - дейді Сулейман. 

Головкин - Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Ресейде өтуі мүмкін

Мұның алдында WBC президенті Головкин "Канеломен" жекпе-жек өткізуді сұрағанын мәлімдеген. "Бұл әзірге ресми ақпарат емес, бірақ, оның командасы осындай ниеті барын білдірді", - деп атап өтті ұйым басшысы. 

Альварес рингке 15 желтоқсанда оралмақ, мексикалықтың ықтимал қарсыласы канадалық Давид Лемье (40-4, 34 KO).

Ал Головкин биыл жұдырықтасуды жоспарлап отырған жоқ. GGG рингке тек 2019 жылдың көктемінде оралады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама