auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Промоутер Головкин алғашқы жеңілісінен кейін рингке қашан оралатынын айтты

Промоутер Головкин алғашқы жеңілісінен кейін рингке қашан оралатынын айтты
© Fightnews.info
Орта салмақта жұдырықтасатын Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының рингке қашан оралатынын айтты.

15 қыркүйекте Лас-Вегастағы бокс кешінде Головкин алғаш рет жеңіліп, орта салмақтағы WBC, WBA (Super) жәнеI BO белбеулері мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (50-1-2, 34 КО) өткен болатын. 

Мұның алдында GGG-дің бапкері Абель Санчес "Канеломен" қарымта кездесу қазақстандық үшін биыл соңғы жекпе-жек екенін айтқан. Том Леффлер бұл ақпаратты растап отыр. 

"Ауыр 12 раунд өткізіп, баспен соққыдан қабағын жарып алғаннаннан кейін, бұл Геннадийдің 2018 жылғы ақырғы жекпе-жегі дей аламын. Қазір Абель Санчес және Головкиннің өзімен өткен жекпе-жекті талдау үшін кемінде бір апта қажет. Жалпы іштей түйсігім бойынша, Геннадий рингке 2019 жылдың көктемінен бұрын шықпайды, мамырда жұдырықтасатын болар", - деп келтіреді Леффлердің сөзін BoxingScene.com.

Леффлер Головкиннің алғашқы жеңілістен кейінгі жағдайын айтып берді

Айта кетейік, Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) Головкин мен Альваресті уақытша жекпе-жектерден шеттеті. Екі боксшы да медициналық көмекке жүгінді: қазақстандыққа сегіз жерден, ал мексикалыққа алты жерден тігіс салынды. 

Жекпе-жектен кейін Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жекке дайын екендерін мәлімдеді. Мексикалықтың промоутері Оскар Де Ла Хойя үшінші жекпе-жек өткізу үшін қазақстандыққа талап қойып үлгерді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама