auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкинге "Канеломен" үшінші жекпе-жек алдында бапкер ауыстыру керектігі айтылды

Головкинге "Канеломен" үшінші жекпе-жек алдында бапкер ауыстыру керектігі айтылды
© sport.bigmir.net
Бокс әлемінің белгілі маманы және комментатор Владимир Гендлин "Советский спорт" басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты.

Маманның сөзінше, Санчес Головкиннің ары қарайғы дамуына ықпал етпейді, сондықтан "Канеломен" үшінші жекпе-жек алдында қазақстандыққа бапкерін ауыстырған жөн. 

Ресейлік белгілі промоутер Владимир Хрюнов та Санчестің жұмысын өте нашар деп бағалады. 

"Екінші жекпе-жекте Альварес алғашқысынан қарағанда көбірек ұнады. Тактикасын ауыстырған. Жақсы жекпе-жек болды. Кездесу қорытындысы қандай сұрақтар тудыруы мүмкін екенін түсінбеймін. Бұл жерде дауласатын ештеңе жоқ деп ойлаймын. Альварес мықты болды. Оның өзгерісі ұнады. Алғашқы жекпе-жекте ол барған сайын сенімділігін арта берді. Бұл жолы ол сенімділік толық көрінеді деп ойладым. Солай болды. 

Головкиннің шегінгеніне таңғалдым. Шынын айтсам, көңілім түсіп кетті. Осыдан кейін оның бұрышындағы адамдар Головкиннің не істеп жатқанынан мүлде түсінбейтініне көзім жетті. Қатты айтқым келмейді, бірақ, шынымен түсініксіз. Головкиннің қартайғаны көрініп тұр. Боксшы жасымен емес, өткізген жекпе-жектерімен қартаяды. Головкин айтарлықтай жеңіл жұдырықтасып жүрді. Соншалықты тәжірибесінің арқасында бапкерінің айтқанына қарсылығы болар дедім. Олардың жоспары "Канелодан" артық соққы жасау болған сияқты. Неге ол шегінді, неге джеб қана ұрды? Түсініксіз. 

Бұл жолы Головкин бұрынғы Альварестің орынында болды, қашқалақтап жүрді. Әрине арқанға сүйенген жоқ, алайда, қарсыласына кеңістікті беріп қойды. Головкин жылдамдық арқылы қарсыласын күтіп алып, алдын орап, жолын кесуге тырысты. Бірақ олай болмады. Санчес екеуінде жоспар бардай көрінді. Головкиннің әлеуеті рингте көп нәрсе жасауға жетеді. Тым болмағанда бір раундты былай, екіншісін өзге етіп. Бұл Альваресті жаңылдыратын еді. Ал "Канело" жақсы икемделіпті. Ол қарсыласын танып алған. Альварес айтарлықтай басым болды дей алмаймын, бірақ, басымдық көрінді. 

Үшінші жекпе-жек? Кімге қызық? Жарайды, мәселе онда емес. Головкин не шешеді? Бәрі де түсінікті сияқты. Ал оның ринг бұрышындағы адам жеңіске жетуге мүлде демеспейді. Алдымен Гассиевке берген кеңестері күлкілі болды, енді міне. Оның не айтқанын тыңдадым. "Сен шегінгенде, тізеңді бүгінкіреп қарсыласты өзіңе тарт" дейді. Бұл күлкілі ғой. Адамның стратегиясы болу қажет, ал Санчесте ондай жоқ. Америкада боксшыларының арқасында танымал болатын ортаң қол бапкерлер көп.

Санчес "Канелоға" қарсы үшінші жекпе-жекте Головкинге мардымды ештеңе айта алмайды деп ойлаймын. Бұл стратегияны түбегейлі өзгерту керек. Головкин сияқты боксшыны ысырып тастау ақымақтық. Бірақ оған өзгеру қажет. Америкалықтардың "Кәрі итті жаңа әдетке үйрете алмайсың" дейтіндері бар. Бұл сөз Головкинге қатысты жарамсыз. Ол ақылды боксшы, егер оның қасында өзгеріске жетелейтін адам болса, үшінші жекпе-жек мүлде басқаша болады", - дейді Гендлин. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама