Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңгеннен кейін уақытша шеттелді, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) осындай шешім шығарды. Мұндай шеттеу боксшылар үшін жекпе-жектен кейінгі қалыпты процедура. Альварестің "шеттелу" мерзімі 15 қарашада аяқталады. Айта кетейік, комиссия шешімімен Геннадий Головкин де 31 қарашаға дейін уақытша шеттеліп отыр.
Альварес пен Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Бұл кездесуде мексикалық төрешілер шешімі бойынша жеңіске жітті, ал Головкин карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.
Жекпе-жектен кейін "Канело" дәрігерлер көмегіне жүгінгенін мойындады. Оның Головкинмен жұдырықтасқан кезде жарып алған қабағына алты жерден тігіс салынған. Мексикалық желтоқсанда рингке оралуды жоспарлап отыр.
Жарнама