auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин бокстан кету туралы сұраққа жауап берді

Головкин бокстан кету туралы сұраққа жауап берді
© ВКонтакте желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобынан
Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Boxingtalk.com порталныа берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымтасына қатысты бірнеше сұраққа жауап берді. 

- Чемпиондық белбеулер үшін 20 жекпе-жектің төртеуін ғана тоғызыншы раундтан асырдың. "Канеломен" жекпе-жектің соңына қарай шаршап қалғандай көріндің. Бұл жолы саған екпінді тежеу қажет пе, мұндай қайталанбас үшін не істеу керек?

-Мені жекпе-жек өткізіп жатқаным ғана алаңдатады. Физикалық дайындығым тамаша, өзімді 25 жастағыдай сезінемін. 

- Атақты Марвин Хагрел жібек көрпеде оранып жатсаң, таңғы 5-те жұмысқа тұру қиын деген. Табысың аз емес, қазір сен әуел бастағыдай ынталысың ба?

- Бокспен шұғылдана бастағанымда, арманым әлем чемпионы болу еді. Маған бұл ұнайды, арманымнан бас тартпаймын. Чемпион болып қала бергім келеді, сондықтан жаттығу лагерінде ащы тер төгемін. Бұл чемпион болып қалудың жалғыз жолы. Бапкерім Абель Санчес кесте құрады, соны ұстанамын. 

- 15 қыркүйекте жеңіске жетсең, бұл соңғы жекпе-жегің болуы мүмкін бе?

- Мұны 15 қыркүйектен кейін сұраңыз. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Жанкүйерлерім жұдырықтасуымды қаласа, көреміз. 

- Жекпе-жек кезінде шамалас болып қалсаңдар, үшінші жекпе-жек үшін төрешілер жеңісті "Канелоға" береді деп қорықпайсың ба? 

- Өз ісімді жасаймын. Боксшымын. Төрешілер де өз ісін атқарады деген үміттемін. 

- "Канело" рингте көбірек жуықтаса, жекпе-жек толық 12 раунд болады ма?

- Жекпе-жек екеумізге де ауыр болады. 12 раундқа дайындалдым. Жекпе-жектің немен аяқталарын білмеймін. Білетінім жаттығу лагерім керемет болды және Абель Санчес жаттығуыма жаңа дүниелер қосты. 15 қыркүйек пен Big Drama Show-ды асыға күтемін. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама