auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Мінсіз рекордын тас-талқан етеді". Альваарестің бапкерлері Головкинге үкім шығарды

"Мінсіз рекордын тас-талқан етеді". Альваарестің бапкерлері Головкинге үкім шығарды
Альварес бапкерлері Хосе (оң жақта) және Эдди Рейносолармен бірге. © zimbio.com
Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) бапкерлер штабы Эдди және Хосе "Чепо" Рйносолар орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) қарымта жекпе-жекте мексикалықтың жеңіске жететініне сенімді.  

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі бір жыл бұрын Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған болатын. Мексикалық боксшының командасы бұл жолы бәрі басқаша болатынын айтады. 

"Бұл оның екінші мүмкіндігі". Белгілі төреші "Канелоға" Головкинді жеңетін жолды айтты

"Мұндай бокс оқиғасына қатысты болуымыз абырой. Саульді бала кезінен жаттықтырып келеміз, 13 жасынан кәсіби бокспен айналысты, ал енді Лас-Вегаста осындай маңызды күні жұдырықтасады, бұл тамаша. 15 қыркүйекте ауыр еңбегіміздің нәтижесін көрсетеміз. Алғашқы жекпе-жектен кейін көп дүниені сараладым. "Канело" аяғымен жақсы қозғалып, Головкин көп соққы өткізді. Ол өз қарсыласын қимылсыз қалдыруды үйренді. Бірақ бұл қарымта өзгеше болады", - деп келтіреді "Чепоның" сөзін BoxingScene.com.

Сонымен бірге, Эдди Рейносо мексикалық боксшының жеңіске жетіп, салтанат құратынына сенімді екенін атап өтті. 

"Мұны мақтан тұтамын. Бұл барлық мексикалықтар үшін тамаша кеш болады, "Канело" сондықтан осынша жаттықты. Біз мұндай маңызды жекпе-жекте Головкинді жеңуге түрлі ресурстарымыздың барлығын және көптеген дағдыларымызды пайдаланамыз. Ол Головкиннің мінсіз рекордын тас-талқан етіп, чемпиондық белбеулерін тартып алатынына сенімдіміз", - дейді ол.

Айта кетейік, алдағы жекпе-жекте Головкин барлық чемпиондық белбеулерін тігеді. Сонымен қатар, жеңімпаз The Ring чемпионы атанып, WBC ұйымының арнайы белбеуін иеленеді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама