Аса ауыр салмақта өнер көрсететін хорватиялық боксшы Филип Хргович (12-0, 10 KO) кәсіпқой боксты өзінің кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Хорват боксшысы Голливуд (Флорида штаты, ҚШ) қаласында өткен бокс кешінше шаршы алаңға шығып, 39 жастағы америкалық Райделл Букерді (26-4, 13 KO) жеңді. Негізі жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Бірақ кездесудің бесінші раундында төреші айқасты тоқтатып, жеңісті Хрговичке берді. 28 жастағы Филипп қарсыласын екінші раундта бір нокдаунға түсіріп алған болатын.
Загрузка матч-центра...
Жарнама