"Астана Арландары" мен "Өзбек Тайгерс" боксшыларының шешуші қарсыластығын Қазақстанда
Vesti.kz сайты ғана тікелей эфирде көрсетеді.
Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) бесінші туры 1 сәуірде Ташкентте өтеді. Жекпе-жектер Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады. Бұл кездесуді Роман Кушпелев пен Уәлихан Қосанбай қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді. Тікелей эфирді мына
сілтеме бойынша көре аласыздар.
"Хабар" арнасы "Астана арландары" мен "Өзбек Тайгерс" боксшыларының жекпе-жектерінің жазбасын 00:15-те көрсететінін айта кету керек.
Жарнама