Қазақстандық кәсіпқой Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) титулды жекпе-жекте америкалық Джеймс МакКензи Моррисонмен (17-0-2, 15 КО) жұдырықтасуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. 31 жастағы боксшы IBO Inter-Continental белбеуін бірінші рет қорғағалы жатыр.
Он раундты кездесу 17 қазан Дюссельдорфта өтеді. Бұл айқаста сарапқа салынатын екінші белбеу - IBF титулының еуропалық нұсқасы. 30 жастағы америкалық боксшы титул үшін алғаш рет жұдырықтасады.
Загрузка матч-центра...
Жарнама