Нұр-Сұлтанда орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) бейнеленген граффити пайда болды, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz.
Сурет Сарайшық көшесіндегі "Арқар" көпірінің астында орналасқан жаңа арт-кеңістікте. Аумақ жалпы және спорт секциясына бөлінген екен.
Онда Головкинмен бірге аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант бейнеленген граффити да бар. Америкалық спортшы биыл 26 қаңтарда қайғылы жағдайда қаза болған еді.
Жарнама