Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
"Канело" кіммен жұдырықтасады? Сондерс? танымайды екенмін - бұрынғы әлем чемпионы
Сурет: Fightnews.info
Жартылай жеңіл салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, ал қазір танымал америкалық бапкер Роберт Гарсия екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерстің (29-0, 14 КО) барын да білмейтінін айтады. Маманның сөзін vRINGe.com порталы келтіріп отыр.
Сондерс келесі жекпе-жегінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-2-1, 36 КО) жұдырықтасу керек.
- Сізбен "Канело" және Сондерс жекпе-жегі жайлы сөйлескім келеді. Бұл кездесу өтетінге ұқсайды. Осыған байланысты не айта аласыз, стил айырмашылықтары туралы?
- Кіммен жұдырықтасады дейсіз? - дейді Гарсия.
- Сондерспен.
- Оны білмейді екенмін. Не айтарымды да білмеймін. "Канелоны" білемін - ол P4P рейтингіндегі әлемнің ең мықты боксшысы. Дағдылары тамаша, қорғанысы да, күші мығым және иегі керемет. "Канелоны" білгендіктен, соны таңдаймын (күлді).
Жарнама