auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Бірінші кезекте - өзбек боксшылар". Қазақстан құрамасының бапкері Олимпиадаға іріктеудегі басты қарсыластар жайлы

"Бірінші кезекте - өзбек боксшылар". Қазақстан құрамасының бапкері Олимпиадаға іріктеудегі басты қарсыластар жайлы
© КБФ
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында 2020 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінің жеребесіне қатысты пікір білдірді. 

- Бейімделу сәтті өтті - бұған уақыт бар еді. Жігіттердің бәрі дайын келді. Барлығы тәжірибелі, мұндай деңгейдегі бірінші жарыстары емес. Бәрі қалыпты. Жекпе-жектеріне дайындалып жатыр, - дейді Кенжебаев.

- Құрамада Василий Левит пен Закир Сафиуллин сияқты тәжірибелі боксшылар бар, алайда, үлкен жарысқа екінші рет шығатын Бекзад Нұрдаулетов бар. Ол психологиялық тұрғыда дайын ба?
- Бекзад сайланып, бар назары жарысқа салды. Ынтасы мықты. Олимпиадаға жолдама берілетінін бәрі жақсы түсінеді және лицензия көп емес. Амманға лицензия жеңіп алуға келдік. 

- Командада ең ауыр кесте кімде?
- Аса жеңіл жекпе-жек ешкімде жоқ. Барлық қарсыластың жігері бар. Біздің команда дайын. Ал жеребе қалыпты. Ештеңеге шағымданбаймыз, тек өз күшімізге сенеміз. 

- Аустралия, Самоа немесе Жаңа Зеландия боксшылары жарысты қыздыра түсе ме? Оларды зерттеп көргенсіздер ме?
- Әрине қарадық. Бұл қарсыластарды білеміз - супер ауыр салмақта әлем чемпионатының жүлдегері аустраиялық Джастис Хани бар. Жаңа Зеландиядан ауыр салмақта мықты боксшы - Дэвид Ника. 63 ккеліде Аустралиядан Хариссон Гарсид келді. Олардың бәрі айқасуға келді, сондықтан бәрін күтуге болады. 

- Ал Азиядан кімді атап өтер едіңіз?
- Бірінші кезекте - өзбек боксшылар, әлем чемпиондары. Осында үшеуі бар. Суперауыр салмақта әлем чемпионатының ең мықты боксшысы Баходир Жалолов. Филиппиннен Эумир Марсиал бар. Ол да әлем чемпионатында өзін жақсы көрсетті. Үндістан боксшылары, Амит сияқты. Тайланд, Корея мен Қытай боксшылары да мықты. 

- Коронавирусқа байланысты сұрақ, жігіттермен алдын алу шаралары өткен шығар. Осымен жағдай қалай? Шектеулер бар ма?
- Әрине спортшылардың денсаулығы бірінші олрында. Санитарлы-гигиеналық нормаларды сақтап келеміз. Жігіттер иммунитетті көтеру үшін иммунизациядан өтті. Бапкерлермен де, боксшылар мен де алдын алу шаралары өтіп жатыр.  

- Құрама Амманға бетпердемен ұшты ма?
- Иә, бәріне таратылды. Жақпалар бар. Жігіттерден адамдар көптеп жиналатын орындарға бармауын сұраймыз. Тек жарыспен шектенулерін: жаттығу залы, қонақ үй және аренамен. Таза ауадағы кешкі және таңғы серуен адам аз жерлерде өтеді. 

Айта кетейік, Кенжебаев жаттықтыратын боксшылар жарыс жолын бүгін, 5 наурызда бастайды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама